KASE күндізгі сессиясы: 1 доллар = 348,07 теңге

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан қор биржасында (KASE) шетел валюталарымен күндізгі сауда-саттық сессиясы аяқталды.

Спот-нарығындағы сауда-саттықтың қорытындысы бойынша:

- есептесуі теңгемен Т+0 (USDKZT_TOD) АҚШ долларының орташа сараланған бағамы 348,07 теңгені құрады, сауда-саттық көлемі 35 050
мың АҚШ долларын құрады;
- есептесуі теңгемен Т+1 және Т+2 АҚШ доллары бойынша мәмілелер жасалған жоқ, сессия жабылар сәтте KASE сауда-саттық жүйесінде баға белгілеулер тіркелген жоқ;
- есептесуі Т+0, Т+1 және Т+2 теңгемен еуро бойынша мәмілелер жасалған жоқ, сессия жабылар сәтте KASE сауда-саттық жүйесінде баға белгілеулер тіркелген жоқ;
- есептесуі Т+0, Т+1 және Т+2 АҚШ долларымен еуро бойынша мәмілелер жасалған жоқ, сессия жабылар сәтте KASE сауда-саттық жүйесінде баға белгілеулер тіркелген жоқ;
- есептесуі Т+0 теңгемен Ресей рублінің (RUBKZT_TOD) орташа сараланған бағамы бір Ресей рубліне 5,3460 теңгені құрады, сауда-саттық көлемі 56 100 мың рубль болды.
Таңертеңгілік және күндізгі сессияның қорытындысы бойынша АҚШ долларының орташа сараланған бағамы бір долларға 348,35 теңгені (-0,62 теңге) құрады, сауда-саттықтың жиынтық көлемі - 71 350 мың (-70 250 мың).
Валюталық своп операциялары нарығында:
- USDKZT_0_001 бойынша орташа сараланған кірістілік +12,1022 % құрады, сауда-саттық көлемі - 254 500 мың АҚШ долларын құрады;
- USDKZT_0_002 бойынша орташа сараланған кірістілік 12,0195 %
құрады, сауда-саттық көлемі - 41 000 мың АҚШ долларын құрады;
- EURKZT_0_001 және EURKZT_0_002 бойынша мәмілелер жасалған жоқ, сессия жабылу сәтінде KASE сауда-саттық жүйесінде баға белгілеулер болған жоқ.
Сауда-саттыққа 26 банк қатысты.