Спот-нарығындағы сауда-саттықтың қорытындысы бойынша есептесуі Т+0 теңгемен АҚШ доллары бойынша (USDKZT_TOD) орташа сараланған бағамы 329,91 теңгені құрады, сауда-саттық көлемі - 167 150 мың АҚШ доллары.
Есептесуі Т+2 теңгемен АҚШ доллары бойынша мәмілелер жасалған жоқ, сессия жабылар сәтте KASE сауда-саттық жүйесінде баға белгілеулер тіркелген жоқ.
Есептесуі Т+0, Т+1 және T+2 АҚШ долларымен және теңгемен еуро бойынша мәмілелер жасалған жоқ, сессия жабылар сәтте KASE сауда-саттық жүйесінде баға белгілеулер тіркелген жоқ.
Есептесуі Т+0 теңгемен Ресей рублінің (RUBKZT_TOD) орташа сараланған бағамы бір Ресей рубліне 4,6551 теңгені құрады, сауда-саттық көлемі 115 000 мың рубль болды.
Таңертеңгілік және күндізгі сессияның қорытындысы бойынша АҚШ долларының орташа сараланған бағамы бір долларға 330,77 теңгені (-4,31) құрады, сауда-саттықтың жиынтық көлемі - 343 850 мың USD (+101 150 мың).
Валюталық своп операциялары нарығында USDKZT_0_001 орташа сараланған бағам +3,3600 теңге (жылдық 39,54 %), сауда-саттық көлемі 544 900 мың USD құрады.
EURKZT_0_001 бойынша мәмілелер жасалған жоқ, сессия жабылар сәтте KASE сауда-саттық жүйесінде баға белгілеулер тіркелген жоқ.
Сауда-саттыққа 25 банк қатысты, деп хабарлайды Қазақстан қор биржасынан.