KASE күндізгі сессиясы: АҚШ долларының құны 338,33 теңге
Спот-нарығындағы сауда-саттықтың қорытындысы бойынша:
- есептесуі Т+0 теңгемен (USDKZT_TOD) АҚШ доллары бойынша орташа сараланған бағамы 338,33 теңгені құрады, сауда-саттық көлемі 50 800 мың АҚШ долларын құрады;
- есептесуі Т+1 және Т+2 АҚШ долларымен теңге бойынша мәмілелер жасалған жоқ, сессия жабылар сәтте KASE сауда-саттық жүйесінде баға белгілеулер тіркелген жоқ;
- есептесуі Т+0, Т+1 және Т+2 АҚШ долларымен еуро бойынша мәмілелер жасалған жоқ, сессия жабылар сәтте KASE сауда-саттық жүйесінде баға белгілеулер тіркелген жоқ;
- есептесуі Т+0 теңгемен Ресей рублінің (RUBKZT_TOD) орташа сараланған бағамы бір Ресей рубліне 5,1352 теңгені құрады, сауда-саттық көлемі 15 000 мың рубль болды.
Таңертеңгілік және күндізгі сессияның қорытындысы бойынша АҚШ долларының орташа сараланған бағамы бір долларға 338,75 теңгені (+1,10 теңге) құрады, сауда-саттықтың жиынтық көлемі - 152 400 мың USD (+58 000 мың).
Валюталық своп операциялары нарығында:
- USDKZT_0_001 орташа сараланған кірістілігі +13,5596 %, сауда-саттық көлемі 147 300 мың USD құрады;
- USDKZT_0_002 орташа сараланған кірістілігі +13,6296 %, сауда-саттық көлемі 76 800 мың USD құрады;
- EURKZT_0_001 және EURKZT_0_002 бойынша мәмілелер жасалған жоқ, сессия жабылу сәтінде KASE сауда-саттық жүйесінде баға белгілеулер болған жоқ.
Сауда-саттыққа 26 банк қатысты.