Спот-нарығындағы сауда-саттықтың қорытындысы бойынша:
- есептесуі Т+0 теңгемен (USDKZT_TOD) АҚШ доллары бойынша орташа сараланған бағамы 327,41 теңгені құрады, сауда-саттық көлемі
114 400 мың АҚШ долларын құрады;
- есептесуі Т+1 және Т+2 теңгемен АҚШ доллары бойынша мәмілелер жасалған жоқ, сессия жабылар сәтте KASE сауда-саттық жүйесінде
баға белгілеулер тіркелген жоқ;
- есептесуі Т+0 теңгемен (EURKZT_TOD) еуро бойынша орташа сараланған бағамы 372,30 теңгені құрады, сауда-саттық көлемі 100 мың еуроны құрады;
- есептесуі Т+0, Т+1 және Т+2 еуромен АҚШ доллары бойынша мәмілелер жасалған жоқ, сессия жабылар сәтте KASE сауда-саттық жүйесінде баға белгілеулер тіркелген жоқ;
- есептесуі Т+0 теңгемен Ресей рублінің (RUBKZT_TOD) орташа сараланған бағамы бір Ресей рубліне 5,0869 теңгені құрады, сауда- саттық көлемі 120 000 мың рубль болды.
Таңертеңгілік және күндізгі сессияның қорытындысы бойынша АҚШ долларының орташа сараланған бағамы бір долларға 327,66 теңгені (-2,75) құрады, сауда-саттықтың жиынтық көлемі - 186 100 мың USD (62 450 мың).
Валюталық своп операциялары нарығында:
- USDKZT_0_001 орташа сараланған бағам +0,5300 теңге (жылдық 14,68 %), сауда-саттық көлемі 106 300 мың USD құрады;
- USDKZT_0_002 орташа сараланған бағам +0,6600 теңге (жылдық 36,71 %), сауда-саттық көлемі 13 000 мың USD құрады;
- EURKZT_0_001 және EURKZT_0_002 бойынша мәмілелер жасалған жоқ, KASE сауда-саттық жүйесінде баға белгілеулер тіркелген жоқ.
Сауда-саттыққа 26 банк қатысты.