KASE күндізгі сессиясы: доллар - 338,92 теңге

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан қор биржасында (KASE) шетел валюталарымен күндізгі сауда-саттық сессиясы аяқталды.

Спот-нарығындағы сауда-саттықтың қорытындысы бойынша:

- есептесуі теңгемен Т+0 (USDKZT_TOD) АҚШ долларының орташа сараланған бағамы 338,92 теңгені құрады, сауда-саттық көлемі 345 400 мың АҚШ долларын құрады;

- есептесуі теңгемен Т+1 және Т+2 АҚШ доллары бойынша мәмілелер жасалған жоқ, сессия жабылар сәтте KASE сауда-саттық жүйесінде

  баға белгілеулер тіркелген жоқ;

- есептесуі Т+0, Т+1 және Т+2 теңгемен еуро бойынша мәмілелер жасалған жоқ, сессия жабылар сәтте KASE сауда-саттық жүйесінде

  баға белгілеулер тіркелген жоқ;

- есептесуі Т+0, Т+1 және Т+2 теңгемен АҚШ доллары бойынша мәмілелер жасалған жоқ, сессия жабылар сәтте KASE сауда-саттық

  жүйесінде баға белгілеулер тіркелген жоқ;

- есептесуі Т+0 теңгемен Ресей рублінің (RUBKZT_TOD) орташа сараланған бағамы бір Ресей рубліне 5,2437 теңгені құрады, сауда- саттық көлемі 76 000 мың рубль болды.

Таңертеңгілік және күндізгі сессияның қорытындысы бойынша АҚШ долларының орташа сараланған бағамы бір долларға 338,73 теңгені

(-0,77 теңге) құрады, сауда-саттықтың жиынтық көлемі - 65,600 мың

(-4 900 мың).

Валюталық своп операциялары нарығында:

- USDKZT_0_001 бойынша орташа сараланған кірістілік +12,9044 % құрады, сауда-саттық көлемі - 156 800 мың АҚШ долларын құрады;

- USDKZT_0_002 бойынша орташа сараланған кірістілік +12,9448 % құрады, сауда-саттық көлемі - 29 000 мың АҚШ долларын құрады;

- EURKZT_0_001 және EURKZT_0_002 бойынша мәмілелер жасалған жоқ, сессия жабылу сәтінде KASE сауда-саттық жүйесінде баға белгілеулер болған жоқ.

Сауда-саттыққа 29 банк қатысты.