KASE күндізгі сессиясы: доллар бағамы - 313,71 теңге
Бүгін Қазақстан қор биржасында 03-04 сәуірде Қытай Халық Республикасында демалыс күні болғандықтан (Қайтыс болғандарды еске алу күні), CNYKZT_TOМ құралдарымен сауда- саттық жүргізілген жоқ.
Спот-нарығындағы сауда-саттықтың қорытындысы бойынша:
- есептесуі теңгемен Т+0 АҚШ долларының (USDKZT_TOD) орташа сараланған бағамы 313,71 теңгені құрады, сауда-саттық көлемі - 102 050 мың АҚШ долларын құрады;
- есептесуі теңгемен Т+1 және Т+2 АҚШ доллары бойынша мәмілелер жасалған жоқ, сессия жабылар сәтте KASE сауда-саттық жүйесінде
баға белгілеулер тіркелген жоқ;
- есептесуі теңгемен және АҚШ долларымен Т+0, Т+1 және Т+2 еуро бойынша мәмілелер жасалған жоқ, сессия жабылар сәтте KASE
сауда-саттық жүйесінде баға белгілеулер тіркелген жоқ;
- есептесуі Т+0 теңгемен Ресей рублінің (RUBKZT_TOD) орташа сараланған бағамы бір рубльге 5,6030 теңгені құрады, сауда-саттық
көлемі 35 500 мың рубль болды.
- есептесуі теңгемен Т+1 Ресей рублі бойынша мәмілелер жасалған жоқ, сессия жабылар сәтте KASE сауда-саттық жүйесінде баға
белгілеулер тіркелген жоқ;
Таңертеңгілік және күндізгі сессияның қорытындысы бойынша АҚШ долларының орташа сараланған бағамы бір долларға 313,73 теңгені
(-1,06) теңге) құрады, сауда-саттықтың жиынтық көлемі - 170 950 мың (+51 650 мың USD).
Валюталық своп операциялары нарығында:
- USDKZT_ 0_001 бойынша бойынша мәмілелер жасалған жоқ, сессия жабылар сәтте KASE сауда-саттық жүйесінде баға белгілеулер болған
жоқ.
- USDKZT_0_002 бойынша орташа сараланған кірістілік жылдық +7,5473 % құрады, сауда-саттық көлемі 1 206 700 мың USD болды
- EURKZT_0_001 және EURKZT_0_002 бойынша мәмілелер жасалған жоқ, сессия жабылар сәтте KASE сауда-саттық жүйесінде баға
белгілеулер болған жоқ.
Сауда-саттыққа 27 банк қатысты.