KASE күндізгі сессиясының қорытындысы: АҚШ доллары - 147,68/147,69 теңгені, рубль - 4,9915 құрады
Т+0 есебімен теңгемен (RUBKZT_TOD), валюталық своп операцияларымен (USDKZT_0_001, USDKZT_0_002, EURKZT_0_001, EURKZT_0_002) күндізгі сауда сессиясы өтті.
USDKZT_TOD үшін бұл сессия қосымша болды. EURKZT_TOD және EURUSD_TOD құралдарымен, EURKZT_0_001 және EURKZT_0_002 валюталық своп операцияларымен Германия мен Ұлыбританиядағы демалыс күніне (Пасханың екінші күні) байланысты KASE-де бүгін сауда өткізілмеді. Дүйсенбі күні саудаға спот-нарықта KASE-нің «Валюталық нарық мүшесі» санатындағы 22 мүшесі, своп нарықта - 11 мүшесі қатысты, деп хабарлайды биржаның баспасөз қызметінен.
АҚШ долларының спот-нарығында соңғы мәміле 1 доллар үшін 147,69 теңге, сауда көлемі 98 100 мың АҚШ доллары болды. Сессияның жабылуындағы үздік баға белгіленімі - 1 доллар үшін 147,68/147,69 теңгені құрады.
Ресей рублінің T+0 есептерімен теңгемен орташа баға белгіленімі бір рубль үшін 4,9915 теңге, сауда көлемі 13 000 мың рубль болды.
Валюталық своп операциялары нарығында:
- USDKZT_0_001 бойынша орташа бағамы 0,00 теңгені, сауда көлемі 63 000 мың АҚШ долларын құрады;
- USDKZT_0_002 бойынша орташа бағамы +0,01 теңгені, сауда көлемі 15 000 мың АҚШ долларын құрады.