KASE күндізгі сессиясының қорытындысы: АҚШ доллары - 148, 15 теңгені, рубль - 4, 7515 теңгені құрады

None
АЛМАТЫ. 23 желтоқсан. ҚазАқпарат - Қазақстан қор биржасында (KASE) АҚШ доллары бойынша Т+0 есебімен теңгемен (USDKZT_TOD), еуро бойынша Т+0 есебімен теңгемен, (EURKZT_TOD), еуро бойынша Т+0 есебімен АҚШ долларымен (EURUSD_TOD), Ресей рублі бойынша Т+0 есебімен теңгемен (RUBKZT_TOD), валюталық своп операцияларымен (USDKZT_0_001, USDKZT_0_002, EURKZT_0_001, EURKZT_0_002) күндізгі сауда сессиясы өтті.

USDKZT_TOD, EURKZT_TOD и EURUSD_TOD үшін бұл сессия қосымша болды. Бүгін АҚШ, Ұлыбритания, және Германияда 26 желтоқсандағы мерекеге (Christmas Day) байланысты KASE-де USDKZT_0_002 және EURKZT_0_002 бойынша валюталық своп операциялары өткізілген жоқ. Бейсенбі күні саудаға спот-нарықта KASE-нің «Валюталық нарық мүшесі» санатындағы 23 мүшесі, своп нарықта - 12 мүшесі қатысты, деп хабарлайды биржаның баспасөз қызметі.

АҚШ долларының спот-нарығында соңғы мәміле 1 доллар үшін 148,15 теңге, сауда көлемі 192 850 мың АҚШ доллары болды. Сессияның жабылуындағы үздік баға белгіленімі - 1 доллар үшін 148,13/148,15 теңгені құрады.

Еуро спот-нарықта:

- Т+0 есептерімен еуромен теңге бойынша 194, 10 теңгені, сауда көлемі 200 мың АҚШ долларын құрады.

- Т+0 есептерімен еуро бойынша АҚШ долларымен бойынша мәмілелер жасалған жоқ, сессия жабылар кезде KASE сауда жүйесінде баға белгіленімі болған жоқ.

-Ресей рублінің T+0 есептерімен орташа баға белгіленімі бір рубль үшін 4,7515 теңге, сауда көлемі 12 000 мың АҚШ доллары болды.

Валюталық своп операциялары нарығында:

- USDKZT_0_002 бойынша орташа бағамы + 0,02 теңгені, сауда көлемі 222 000 мың АҚШ долларын құрады.

- EURKZT_0_002 бойынша мәмілелер жасалған жоқ, сессияның жабылуында KASE сауда жүйесінде баға белгіленімі болған жоқ.