KASE күндізгі сессиясының қорытындысы: АҚШ доллары - 148, 36/148, 39 теңгені құрады

None
АЛМАТЫ. 28 желтоқсан. ҚазАқпарат - Қазақстан қор биржасында (KASE) АҚШ доллары бойынша Т+0 есебімен теңгемен (USDKZT_TOD), еуро бойынша Т+0 есебімен теңгемен, (EURKZT_TOD), еуро бойынша Т+0 есебімен АҚШ долларымен (EURUSD_TOD), Ресей рублі бойынша Т+0 есебімен теңгемен (RUBKZT_TOD), валюталық своп операцияларымен (USDKZT_0_001, USDKZT_0_002, EURKZT_0_001, EURKZT_0_002) күндізгі сауда сессиясы өтті.

USDKZT_TOD, EURKZT_TOD и EURUSD_TOD үшін бұл сессия қосымша болды. Сәрсенбі күні саудаға спот-нарықта KASE-нің «Валюталық нарық мүшесі» санатындағы 24 мүшесі, своп нарықта - 10 мүшесі қатысты, деп хабарлайды биржаның баспасөз қызметі.

АҚШ долларының спот-нарығында соңғы мәміле 1 доллар үшін 148,39 теңге, сауда көлемі 136 350 мың АҚШ доллары болды. Сессияның жабылуындағы үздік баға белгіленімі - 1 доллар үшін 148,36/148,39 теңгені құрады.

Еуро спот-нарықта:

- Т+0 есептерімен еуро бойынша мәмілелер жасалған жоқ, сессия жабылар кезде KASE сауда жүйесінде баға белгіленімі болған жоқ.

-Ресей рублінің T+0 есептерімен орташа баға белгіленімі бір рубль үшін 4,6998 теңге, сауда көлемі 118 800 мың АҚШ доллары болды.

Валюталық своп операциялары нарығында:

- USDKZT_0_001 бойынша орташа бағамы +0,02 теңгені, сауда көлемі 45 000 мың АҚШ долларын құрады.

- USDKZT_0_002 бойынша орташа бағамы +0,01 теңгені, сауда көлемі 5 000 мың АҚШ долларын құрады.

- EURKZT_0_001 бойынша мәмілелер жасалған жоқ, сессияның жабылуында KASE сауда жүйесінде баға белгіленімі болған жоқ.

- EURKZT_0_002 бойынша мәмілелер жасалған жоқ, сессияның жабылуында KASE сауда жүйесінде баға белгіленімі болған жоқ.