KASE күндізгі сессиясының қорытындысы: доллар - 147,25/147,26 теңге, еуро - 188,20 теңге, рубль - 4,8004 теңге
USDKZT_TOD, EURKZT_TOD және EURUSD_TOD үшін бұл сессия қосымша болды. Бүгін саудаға спот-нарықта KASE-нің «В» санатындағы 22 мүшесі, своп-нарықта - 5 мүшесі қатысты, деп хабарлайды биржаның баспасөз қызметі.
АҚШ долларының спот-нарығында соңғы мәміле 1 доллар үшін 147,25 теңге бағамында жасалды, сауда көлемі 303 700 мың АҚШ доллары болды. Сессияның жабылуындағы үздік баға белгіленімі 1 доллар үшін - 147,25/147,26 теңге болды.
Спот-нарықта:
- еуроның орташа бағамы Т+0 есептерімен теңге бойынша 188,20 теңгені құрады.
- еуро бойынша Т+0 есептерімен АҚШ долларымен мәміле жасалған жоқ, сессияның жабылуында баға белгіленімі болған жоқ.
Т+0 есептерімен теңгеге шаққанда Ресей рублінің орташа бағамы 4,8004 теңгені, сауда көлемі 28 500 мың рубльді құрады.
Валюталық своп операциялары нарығында:
- USDKZT_0_001 бойынша орташа бағам 0,00 теңгені, сауда көлемі 110 000 мың АҚШ долларын құрады; сессия жабылуында сұраныс бағасы +0,01 теңге, ұсыныс 0,00 теңгені құрады;
- USDKZT_0_002 бойынша орташа бағам 0,00 теңге, сауда көлемі 220 000 мың USD болды, сессия жабылар кезде сұраныс бағасы +0,01 теңгені, ұсыныс бағасы 0,00 теңгені құрады;
- EURKZT_0_001 бойынша мәмілелер жасалған жоқ, сессияның жабылуында KASE сауда жүйесінде баға белгіленімі болған жоқ.
- EURKZT_0_002 бойынша да мәмілелер жасалған жоқ, сессияның жабылуында KASE сауда жүйесінде баға белгіленімі болған жоқ.