KASE күндізгі сессиясының қорытындысы: доллар - 147,29/147,32 теңге, еуро - 191,80 теңге, рубль - 4,7629 теңге
USDKZT_TOD, EURKZT_TOD және EURUSD_TOD үшін бұл сессия қосымша болды. Бүгін саудаға спот-нарықта KASE-нің «В» санатындағы 18 мүшесі, своп-нарықта - 7 мүшесі қатысты, деп хабарлайды биржаның баспасөз қызметі.
АҚШ долларының спот-нарығында соңғы мәміле 1 доллар үшін 147,32 теңге бағамында жасалды, сауда көлемі 114 100 мың АҚШ доллары болды. Сессияның жабылуындағы үздік баға белгіленімі 1 доллар үшін 147,29/147,32 теңге.
Спот-нарықта:
- Т+0 есептерімен баға белгіленімі болған жоқ, сессия жабылар кездегі еуроның орташа бағамы 1 еуро үшін 191,80 теңгені құрады;
- Т+0 есептерімен АҚШ долларында баға белгіленімі болған жоқ, сессия жабылар кезде KASE жүйесі бойынша сауда жасалмады.
Т+0 есептерімен теңгеге шаққанда Ресей рублінің орташа бағамы Ресейдің 1 рублі үшін 4,7629 теңге, сауда көлемі 33 400 мың рубль болды.
Валюталық своп операциялары нарығында:
- USDKZT_0_001 бойынша баға белгіленімі болған жоқ; сессия жабылуында сұраныс бағасы +0,01 теңге, ұсыныс -0,00 теңгені құрады.
- USDKZT_0_002 бойынша орташа бағам 0,00 теңге сауда көлемі 63 000 мың USD болды, сессия жабылар кезде сұраныс +0,02 теңге, ұсынысы 0,00 теңгені құрады.
- EURKZT_0_001 бойынша мәмілелер жасалған жоқ, сессияның жабылуында KASE сауда жүйесінде баға белгіленімі болған жоқ,
- EURKZT_0_002 бойынша мәмілелер жасалған жоқ, сессияның жабылуында KASE сауда жүйесінде баға белгіленімі болған жоқ.