KASE күндізгі сессиясының қорытындысы: доллар - 147,47/147,48 теңге
USDKZT_TOD, EURKZT_TOD және EURUSD_TOD үшін бұл сессия қосымша болды. Бүгін саудаға спот-нарықта KASE-нің «В» санатындағы 18 мүшесі, своп-нарықта - 6 мүшесі қатысты, деп хабарлайды биржаның баспасөз қызметі.
АҚШ долларының спот-нарығында соңғы мәміле 1 доллар үшін 147,47 теңге бағамында жасалды, сауда көлемі 130 000 мың АҚШ доллары болды. Сессияның жабылуындағы үздік баға белгіленімі 1 доллар үшін 147,47/147,48 теңге болды.
Спот-нарықта: еуроның орташа бағамы Т+0 есептерімен теңге бойынша 187,50 теңгені құрады, ал сауда көлемі 350 мың еуро болды. Еуро бойынша Т+0 есептерімен АҚШ долларымен мәміле жасалған жоқ, сессияның жабылуында баға белгіленімі болған жоқ.
Т+0 есептерімен теңгеге шаққанда Ресей рублінің орташа бағамы 4,7858 теңгені, сауда көлемі 26 200 мың рубльді құрады.
Валюталық своп операциялары нарығында USDKZT_0_001 бойынша мәмілелер жасалған жоқ,; сессия жабылуында сұраныс бағасы +0,01 теңге, ұсыныс -0,01 теңгені құрады. USDKZT_0_002 бойынша орташа бағам 0,01 теңге, сауда көлемі 161 000 мың USD болды. Сессия жабылар кезде сұраныс бағасы +0,01 теңгені құрады. EURKZT_0_001 бойынша мәмілелер жасалған жоқ, сессияның жабылуында KASE сауда жүйесінде баға белгіленімі болған жоқ. EURKZT_0_002 бойынша да мәмілелер жасалған жоқ, сессияның жабылуында KASE сауда жүйесінде баға белгіленімі болған жоқ.