KASE күндізгі сессиясының қорытындысы: доллар - 147,51/147,54 теңге, еуро - 203,80 теңге, рубль - 4,8100 теңге

АЛМАТЫ. 10 қараша. ҚазАқпарат - Қазақстан қор биржасында (KASE) АҚШ доллары бойынша Т+0 есебімен теңгемен (USDKZT_TOD), еуро бойынша Т+0 есебімен теңгемен,

(EURKZT_TOD), еуро бойынша Т 0 есебімен АҚШ долларымен (EURUSD_TOD), Ресей рублі бойынша Т 0 есебімен теңгемен (RUBKZT_TOD), валюталық своп операцияларымен (USDKZT_0_001, USDKZT_0_002, EURKZT_0_001, EURKZT_0_002) күндізгі сауда сессиясы өтті.

USDKZT_TOD, EURKZT_TOD және EURUSD_TOD үшін бұл сессия қосымша болды. Бүгін саудаға спот-нарықта KASE-нің «В» санатындағы 22 мүшесі, своп-нарықта - 8 мүшесі қатысты, деп хабарлайды биржаның баспасөз қызметі.

АҚШ долларының спот-нарығында соңғы мәміле 1 доллар үшін 147,52 теңге бағамында жасалды, сауда көлемі 95 750 мың АҚШ доллары болды. Сессияның жабылуындағы үздік баға белгіленімі - 1 доллар үшін 147,51/147,54 теңге болды.

Спот-нарықта:

- Т 0 есебімен еуро бойынша бір еуроның бағасы 203,80 теңге, сауда көлемі 200 мың еруо;

- Т 0 АҚШ доллары есебімен еуро бойынша мәмілелер жасалған жоқ, сессия жабылар кезде KASE сауда жүйесі бойынша баға белгіленімі болған жоқ.

-Т 0 есептерімен Ресей рублі бойынша орташа баға белгіленімі бір рубль үшін 4,8100 теңгені, сауда көлемі 24 200 мың рубльді құрады.

Валюталық своп операциялары нарығында:

- USDKZT_0_001 бойынша орташа бағамы 0,00 теңгені, сауда 149 000 мың АҚШ долларын құрады.

- EURKZT_0_001 бойынша мәмілелер жасалған жоқ, сессияның жабылуында KASE сауда жүйесінде баға белгіленімі болған жоқ,

- EURKZT_0_002 бойынша мәмілелер жасалған жоқ, сессияның жабылуында KASE сауда жүйесінде баға белгіленімі болған жоқ.