KASE күндізгі сессиясының қорытындысы: еуро 188,55 теңгені, рубль - 4,6509 теңгені құрады

None
АЛМАТЫ. 4 шілде. ҚазАқпарат - Қазақстан қор биржасында (KASE) еуро бойынша Т+0 есебімен теңгемен  (EURKZT_TOD), Ресей рублі бойынша Т+0 есебімен теңгемен (RUBKZT_TOD),   валюталық своп операцияларымен (USDKZT_0_001,

USDKZT_0_002, EURKZT_0_001, EURKZT_0_002) күндізгі сауда сессиясы өтті.

EURKZT_TOD үшін бұл сессия қосымша болды. Бүгін KASE-де АҚШ доллары бойынша Т+0 есебімен теңгемен (USDKZT_TOD), еуро бойынша T+0 есебімен АҚШ долларымен (EURUSD_TOD), USDKZT_0_001 және USDKZT_0_002 валюталық своп операциялары 2012 жылғы 4 шілдеде АҚШ-ғы мерекелік күнге (Тәуелсіздік күні) байланысты жасалған жоқ.

Еуроның спот-нарығында соңғы мәміле 1 еуро үшін 188,55 теңге, сауда көлемі  200 мың еуро болды.

Ресей рублінің T+0 есептерімен теңгемен орташа баға белгіленімі бір рубль үшін 4,6509 теңге, сауда көлемі 30 000 мың рубль болды.

Еуро спот-нарықта:

 - еуро бойынша  Т+0  есептерімен  теңгемен мәмілелер жасалған жоқ,  сессия жабылар кезде KASE сауда жүйесінде баға белгіленімі болған жоқ;

- еуро бойынша  Т+0  есептерімен  АҚШ долларымен мәмілелер жасалған жоқ,  сессия жабылар кезде KASE сауда жүйесінде баға белгіленімі болған жоқ;

- Ресей рублінің T+0 есептерімен теңгемен орташа баға белгіленімі бір рубль үшін 4,6003 теңге, сауда көлемі 81 000 мың рубль болды.

Валюталық своп операциялары нарығында:

- USDKZT_0_002 бойынша мәмілелер жасалған жоқ, сессияның жабылуында сұраным бағасы +0,02 теңгені, ұсыныс 0,00 теңгені құрады;

- EURKZT_0_001 бойынша мәмілелер жасалған жоқ, сессияның жабылуында KASE сауда жүйесінде баға белгіленімі болған жоқ;

- EURKZT_0_002 бойынша мәмілелер жасалған жоқ, сессияның жабылуында KASE сауда жүйесінде баға белгіленімі болған жоқ.