KASE күндізгі сессиясының қорытындысы: рубль - 4,7226 теңгені құрады
16:12, 25 Желтоқсан 2013
АЛМАТЫ. 25 желтоқсан. ҚазАқпарат - Қазақстан қор биржасында (KASE) Ресей рублі бойынша Т+0 есебімен теңгемен (RUBKZT_TOD), USDKZT_0_002 EURKZT_0_002 валюталық своп операциялары бойынша күндізгі сауда сессиясы өтті.
АҚШ доллары бойынша Т+0 есебімен теңгемен (USDKZT_TOD), еуро бойынша Т+0 есебімен теңгемен (EURKZT_TOD),еуро бойынша Т+0 есебімен АҚШ долларымен (EURUSD_TOD),
валюталық своп операцияларымен (USDKZT_0_001, USDKZT_0_002, EURKZT_0_001, EURKZT_0_002) 25 желтоқсан АҚШ-та (Christmas Day) және 25-26 желтоқсан күндері Ұлыбритания мен Германияда мерекелі күн болуына байланысты KASE-де бүгін сауда өткізілген жоқ.
Ресей рублі бойынша Т+0 есептерімен теңгемен орташа бағамы бір рубль үшін 4,7226 теңгені, сауда көлемі 68 000 мың рубльді құрады.
Валюталық своп операциялары нарығында: USDKZT_0_002 бойынша орташа бағамы +0,02 теңгені, сауда көлемі 100 000 мың USD құрады.