АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыдағы ақша айырбастау орындарында рубль 7,45 - 8,50 теңге аралығында сатылып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қазақстан қор биржасында (KASE) бір рубльдің теңгеге шаққандағы бағамы 8,89 теңгеге жетті.
ҚР Ұлттық банкінің дерегіне сәйкес, 30 маусымдағы жағдай бойынша Ресей рублінің орташа сараланған бағамы 0,49 теңгеге өсіп, 9,10 теңге болды.
Дәл қазіргі уақытта Алматыдағы ақша айырбастау орындарында көрші ел валютасы 7,45 – 8,50 теңге аралығында саудаланып жатыр.
Ал Нұр-Сұлтанда 7,61 – 7,78 теңге аралығында құбылып тұр.
Фото: prodonbass.ru
Алма Мұқанова
Алма Мұқанова Т. Жүргенов атындағы өнер академиясының «Кино және Телевизия» факультетінің түлегі. Журналистика саласында 20 жылдан бері еңбек етіп келеді. Аймақтық, республикалық телеарналарда түрлі қызметтер атқарған. 2019 жылдан бері - ҚазАқпарат агенттігінің тілшісі. ҚР Журналистер одағының мүшесі.