KASE саудасында доллар арзандады
11:28, 16 Қараша 2020
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда нәтижесінде доллар арзандады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Таңғы сауда нәтижесінде доллар құны 13 қарашадағы көрсеткішпен салыстырғанда 0,588 теңгеге арзандап, 429,50 теңге болды.
ҚР Ұлттық банкінің ресми бағамы 16 қарашада 430,52 теңге болды.
Айта кету керек, ұлттық валюта аптаның басынан бастап позициясын күшейтті.