KASE таңертеңгі сессиясы: доллар = 276,8 теңге

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық қор биржасында (KASE) таңертеңгілік сауда сессиясы теңгемен (USDKZT_TOD) Т+0 есебімен АҚШ доллары, теңгемен (EURKZT_TOD) және АҚШ долларында (EURUSD_TOD) Т+0 есебімен еуро, теңгемен (CNYKZT_TOD) T+0 есебімен қытай юані бойынша аяқталды.

Көрсетілген аспаптар үшін бұл сессия негізгі болып табылады. Сауда-саттыққа KASE валюта нарығының 21 мүшесі қатысты.

Теңгемен Т 0 есебімен АҚШ долларының орташа бағамы долларына ( 3,28 теңге) 276, 83 теңгені, сауда-саттық - 71 350 мың USD ( 43 050 мың USD) құрады.

Теңгемен және АҚШ долларында Т 0 есептерімен еуро бойынша мәміле жасалған жоқ. Сессияның жабылу сәтінде баға белгіленімі болған жоқ.

Теңгемен Т 0 есебімен қытайлық юаньның орташа бағамы юань үшін 43, 2700 теңгені, сауда-саттық көлемі - 300 мың юаньді құрады.

Осы хабарламадағы барлық трендтер өткен таңертеңгілік сессияға қатысты көрсетілді. Егер алдыңғы таңғы сессияда тиісті аспап бойынша мәміле жасалмаса немесе олармен сауда-саттық жасалмаса, тренд көрсетілмейді.