Аталған қаржы құралдары үшін осы сессия негізгі болып табылады. Сауда-саттыққа KASE валюта нарығының 23 мүшесі қатысты.
Есептесуі T 0 теңгемен АҚШ долларының орташа сараланған бағамы бір долларға 345,50 теңгені (-2,85 теңге), ал сауда-саттық көлемі - 16 800 мың АҚШ долларын (-19 500 мың USD) құрады.
Есептесуі Т 1 теңгемен АҚШ доллары бойынша мәмілелер жасалған жоқ. Сессия жабылар сәтте баға белгілеулер тіркелген жоқ.
Есептесуі T 0 теңгемен және АҚШ долларымен еуро бойынша мәмілелер жасалған жоқ. Сессия жабылар сәтте баға белгілеулер тіркелген жоқ;
Есептесуі T 0 теңгемен қытай юанінің орташа сараланған бағамы бір юаньға 51,8550 теңгені (-0,4350 теңге) құрады, сауда-саттық көлемі -200 мың (0 юань) юань болды.
Осы хабарламада аталған трендтердің барлығы алдыңғы таңертеңгілік сессиямен салыстырмалы түрде берілген. Егер алдыңғы таңертеңгілік сессияда тиісті қаржы құралы бойынша мәмілелер жасалмаса немесе олардың сауда-саттығы өткізілмесе, тренд көрсетілмейді.
11:28, 09 Тамыз 2016
KASE таңертеңгілік сессия: 1 АҚШ доллары - 345,50 теңге
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан қор биржасында (KASE) есептесуі Т+0 теңгемен (USDKZT_TOD) АҚШ доллары бойынша, есептесуі T+0 теңгемен (EURKZT_TOD) еуро бойынша және есептесуі T+0 АҚШ долларымен (EURUSD_TOD) еуро бойынша, есептесуі Т+0 теңгемен (CNYKZT_TOD) қытай юані бойынша таңғы сауда-саттық сессиясы аяқталды.