KASE таңертеңгілік сессиясы: 1 доллар = 332,51 теңге

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан қор биржасында (KASE) таңғы сауда-саттық сессиясы аяқталды. Бұл туралы биржаның баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстан қор биржасында (KASE) есептесуі Т 0 теңгемен (USDKZT_TOD) АҚШ доллары бойынша, есептесуі T 0 теңгемен (EURKZT_TOD) еуро бойынша және есептесуі T 0 АҚШ долларымен (EURUSD_TOD) еуро бойынша, есептесуі Т 0 теңгемен (CNYKZT_TOD) қытай юані бойынша таңғы сауда-саттық сессиясы аяқталды. Аталған қаржы құралдары үшін осы сессия негізгі болып табылады. Сауда-саттыққа KASE валюта нарығының 20 мүшесі қатысты.
Есептесуі T 0 теңгемен АҚШ долларының орташа сараланған бағамы бір долларға 332,51 теңгені ( 3,30 теңге), ал сауда-саттық көлемі - 123 450 мың АҚШ долларын ( 111 100 мың USD) құрады.
Есептесуі T 1 теңгемен АҚШ доллары бойынша мәмілелер жасалған жоқ. Сессия жабылар сәтте баға белгілеулер тіркелген жоқ.
Есептесуі Т 0 теңгемен және АҚШ долларымен еуро бойынша мәмілелер жасалған жоқ. Сессия жабылар сәтте баға белгілеулер тіркелген жоқ.
Есептесуі T 0 теңгемен қытай юані бойынша мәмілелер жасалған жоқ.
Сессия жабылу сәтіне сұраным бір юаньға 51,0129 теңгені ( 0,1829 теңге) құрады, сауда-саттық көлемі - 700 мың юаньді ( 500 мың юань) құрады.
Осы хабарламада аталмыш трендтердің барлығы алдыңғы таңертеңгілік сессиямен салыстырмалы түрде берілген. Егер алдыңғы таңертеңгілік сессияда тиісті қаржы құралы бойынша мәмілелер жасалмаса немесе олардың сауда-саттығы өткізілмесе, тренд көрсетілмейді.