KASE таңертеңгілік сессиясы: 1 доллар = 337,08 теңге

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан қор биржасында (KASE) есептесуі Т+0 теңгемен (USDKZT_TOD) АҚШ доллары бойынша, есептесуі T+0 теңгемен (EURKZT_TOD) еуро бойынша және есептесуі T+0 АҚШ долларымен (EURUSD_TOD) еуро бойынша, есептесуі Т+0 теңгемен (CNYKZT_TOD) қытай юані бойынша таңғы сауда-саттық сессиясы аяқталды.

Аталған қаржы құралдары үшін осы сессия негізгі болып табылады. Сауда-саттыққа KASE валюта нарығының 18 мүшесі қатысты.

Есептесуі T 0 теңгемен АҚШ долларының орташа сараланған бағамы бір долларға 337,08 теңгені, ал сауда-саттық көлемі - 24 500 мың АҚШ долларын құрады.

Есептесуі T 1 теңгемен АҚШ долларының орташа сараланған бағамы бір долларға 337,50 теңгені ( 0,11 теңге), ал сауда-саттық көлемі - 1 000 мың АҚШ долларын (-28 000 мың USD) құрады.

Есептесуі Т 0 теңгемен және АҚШ долларымен еуро бойынша мәмілелер жасалған жоқ. Сессия жабылар сәтте баға белгілеулер тіркелген жоқ.

Есептесуі T 0 теңгемен қытай юані бойынша орташа сараланған бағамы  бір юаньға 51,4800  (-0,1300 теңге) теңгені, сауда-саттық көлемі 1 000 мың юаньді ( 700 мың юань) құрады.

Осы хабарламада аталмыш трендтердің барлығы алдыңғы таңертеңгілік сессиямен салыстырмалы түрде берілген. Егер алдыңғы таңертеңгілік сессияда тиісті қаржы құралы бойынша мәмілелер жасалмаса немесе олардың сауда-саттығы өткізілмесе, тренд көрсетілмейді.