KASE таңертеңгілік сессиясы: 1 доллар = 338,03 теңге

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан қор биржасында (KASE) есептесуі Т+0 теңгемен (USDKZT_TOD) АҚШ доллары бойынша, есептесуі T+0 теңгемен (EURKZT_TOD) еуро бойынша және есептесуі T+0 АҚШ долларымен (EURUSD_TOD) еуро бойынша, есептесуі Т+0 теңгемен (CNYKZT_TOD) қытай юані бойынша таңғы сауда-саттық сессиясы аяқталды.

Бүгін Қазақстан қор биржасында USDKZT_TOM сауда-саттық құралдарымен АҚШ-та 04 шілде мереке күні болғандықтан (Тәуелсіздік күні) сауда-саттық жүргізілген жоқ. Аталған қаржы құралдары үшін осы сессия негізгі болып табылады. Сауда-саттыққа KASE валюта нарығының 22 мүшесі қатысты.

Есептесуі T 0 теңгемен АҚШ долларының орташа сараланған бағамы бір долларға 338,03 (-0,63 теңге) теңгені, ал сауда-саттық көлемі - 45 900 мың ( 16 950 мың USD) АҚШ долларын құрады.

Есептесуі Т 0 теңгемен және АҚШ долларымен еуро бойынша мәмілелер жасалған жоқ. Сессия жабылар сәтте баға белгілеулер тіркелген жоқ.

Есептесуі T 0 теңгемен қытай юані бойынша орташа сараланған бағамы  бір юаньға 50,7400 теңгені, ұсыным - бір юаньға 50, 7700 теңгені құрады.

Осы хабарламада аталмыш трендтердің барлығы алдыңғы таңертеңгілік сессиямен салыстырмалы түрде берілген. Егер алдыңғы таңертеңгілік сессияда тиісті қаржы құралы бойынша мәмілелер жасалмаса немесе олардың сауда-саттығы өткізілмесе, тренд көрсетілмейді.