KASE таңертеңгілік сессиясы: 1 доллар - 340,94 теңге

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Қазақстан қор биржасында (KASE) шетел валюталарымен таңғы сауда-саттық сессиясы аяқталды, деп хабарлайды биржаның баспасөз қызметі.

Қазақстан қор биржасында (KASE) есептесуі Т 0 теңгемен (USDKZT_TOD) АҚШ доллары бойынша, есептесуі T 0 теңгемен (EURKZT_TOD) еуро бойынша және есептесуі T 0 АҚШ долларымен (EURUSD_TOD) еуро бойынша, есептесуі Т 0 теңгемен (CNYKZT_TOD) қытай юані бойынша таңғы сауда-саттық сессиясы аяқталды.
Аталған қаржы құралдары үшін осы сессия негізгі болып табылады. Сауда-саттыққа KASE валюта нарығының 20 мүшесі қатысты.

Есептесуі T 0 теңгемен АҚШ долларының орташа сараланған бағамы бір долларға 340,94 теңгені (-0,25 теңге), ал сауда-саттық көлемі
- 22 500 мың АҚШ долларын ( 2 500 мың USD) құрады.

Есептесуі T 1 теңгемен АҚШ доллары бойынша мәмілелер жасалған жоқ. Сессия жабылар сәтте баға белгілеулер тіркелген жоқ.

Есептесуі Т 0 АҚШ долларымен еуро бойынша мәмілелер жасалған жоқ. Сессия жабылар сәтте баға белгілеулер тіркелген жоқ.

Есептесуі T 0 теңгемен қытай юані бойынша мәмілелер жасалған жоқ. Сессия жабылу сәтіне сұраным бір юаньға 52,5200 теңгені (-0,2100 теңге) құрады, сауда-саттық көлемі - 200 мың юаньді (-300 мың юаньді) құрады.

Осы хабарламада аталмыш трендтердің барлығы алдыңғы таңертеңгілік сессиямен салыстырмалы түрде берілген. Егер алдыңғы таңертеңгілік
сессияда тиісті қаржы құралы бойынша мәмілелер жасалмаса немесе олардың сауда-саттығы өткізілмесе, тренд көрсетілмейді.