KASE таңертеңгілік сессиясы: 1 доллар - 348,40 теңге

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан қор биржасында (KASE) таңғы сауда-саттық сессиясы аяқталды, деп хабарлайды биржаның баспасөз қызметі.

Есептесуі T 0 теңгемен АҚШ долларының орташа сараланған бағамы бір долларға 348,40 теңгені (-1,42 теңге), ал сауда-саттық көлемі - 63 950 мың ( 39 250 мың USD) АҚШ долларын құрады.

Есептесуі T 0 теңгемен және АҚШ доллары бойынша мәмілелер жасалған жоқ. Сессия жабылар сәтте баға белгілеулер тіркелген жоқ.

Есептесуі T 0 теңгемен қытай юані бойынша мәмілелер жасалған жоқ. Сессия жабылар сәтте сұраным бір юаньға 53,2100 теңгені, сауда-саттық көлемі - 100 мың юаньді құрады.

Осы хабарламада трендтердің барлығы тиісті қаржы құралының алдыңғы жұмыс күндегі соңғы мәнімен салыстырмалы түрде берілген. Егер алдыңғы таңертеңгілік сессияда тиісті қаржы құралы бойынша мәмілелер жасалмаса немесе олардың сауда-саттығы өткізілмесе, тренд көрсетілмейді.