Бүгін KASE-де АҚШ доллары бойынша Т 0 есебімен теңгемен (USDKZT_TOD), еуро бойынша Т 0 есебімен теңгемен (EURKZT_TOD) және еуро бойынша Т 0 есебімен АҚШ долларымен саудалар Қазақстанда сенбі, 4 мамыр күнгі демалыстың жұма, 10 мамырға ауыстырылуына байланысты өткізілген жоқ.
USDKZT_TOM, EURKZT_TOM және EURUSD_TOM үшін 2013 жылдың 4 мамырындағы аталмыш сессия негізгі болып табылады. Саудаға KASE валюта нарығының 12 мүшесі қатысты, деп хабарлады биржаның баспасөз қызметінен.
АҚШ долларының орташа бағамы Т 1 есебімен теңгемен 1 доллар үшін 151,07 теңгені (-0,21 теңге) құрады. Сауда көлемі - 26 100 мың АҚШ доллар.
Еуро бойынша Т 1 есебімен теңгемен мәмілелер жасалған жоқ, сессияның жабылу сәтінде баға белгіленімі болған жоқ. Осы хабарламадағы барлық трендттер өткен таңертеңгілік сессияға сәйкес көрсетілген. Егер бұған дейінгі таңертеңгілік сессияда тиісті инструменттер бойынша мәмілелер жасалмаған болса немесе олар бойынша саудалар өткізілмесе, тренд көрсетілмейді.