KASE таңертеңгілік сессиясы: АҚШ доллары 307,68 теңге

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан қор биржасында (KASE) есептесуі Т+0 теңгемен (USDKZT_TOD) АҚШ доллары бойынша, есептесуі T+0 теңгемен (EURKZT_TOD) еуро бойынша және есептесуі T+0 АҚШ долларымен (EURUSD_TOD) еуро бойынша, есептесуі Т+0 теңгемен (CNYKZT_TOD) қытай юані бойынша таңғы сауда-саттық сессиясы аяқталды. Аталған қаржы құралдары үшін осы сессия негізгі болып табылады.

Сауда-саттыққа KASE валюта нарығының 17 мүшесі қатысты, деп хабарлайды Қазақстан қор биржасынан.

Есептесуі T 0 теңгемен орташа сараланған АҚШ долларының бағамы бір долларға 307,68 ( 0,06 теңге) теңгені, ал сауда-саттық көлемі - 60 300 мың АҚШ долларын ( 40 700 мың USD) құрады. Есептесуі Т 0 теңгемен және АҚШ долларымен еуро бойынша мәмілелер жасалған жоқ. Сессия жабылу сәтіне баға белгілеу болған жоқ. Есептесуі T 0 теңгемен қытай юані бойынша мәмілелер жасалған жоқ. Сессия жабылар сәтте сұраным бір юаньға 47,9400 теңгені құрады, сауда-саттық көлемі - бір юань үшін 47,9700 теңге. Осы хабарламада аталмыш трендтердің барлығы алдыңғы таңертеңгілік сессиямен салыстырмалы түрде берілген. Егер алдыңғы таңертеңгілік сессияда тиісті қаржы құралы бойынша мәмілелер жасалмаса немесе олардың сауда-саттығы өткізілмесе, тренд көрсетілмейді.