Аталған қаржы құралдары үшін осы сессия негізгі болып табылады. Сауда-саттыққа KASE валюта нарығының 25 мүшесі қатысты, деп хабарлайды Қазақстан қор биржасынан.
Есептесуі T 0 теңгемен орташа сараланған АҚШ долларының бағамы бір долларға 309,12 ( 1,25 теңге) теңгені, ал сауда-саттық көлемі - 52 600 мың АҚШ долларын ( 600 мың USD) құрады. Есептесуі T 0 теңгемен орташа сараланған еуро бағамы бір еуроға 337,50 теңгені құрады, сауда-саттық көлемі - 100 мың еуро. Есептесуі Т 0 теңгемен және АҚШ долларымен еуро бойынша мәмілелер жасалған жоқ. Сессия жабылу сәтіне баға белгілеу болған жоқ. Есептесуі T 0 теңгемен қытай юані бойынша орташа сараланған бағамы бір юаньға 47,6400 теңгені құрады, сауда-саттық көлемі - 600 мың юань ( 600 мың юань). Осы хабарламада аталмыш трендтердің барлығы алдыңғы таңертеңгілік сессиямен салыстырмалы түрде берілген. Егер алдыңғы таңертеңгілік сессияда тиісті қаржы құралы бойынша мәмілелер жасалмаса немесе олардың сауда-саттығы өткізілмесе, тренд көрсетілмейді.