KASE таңертеңгілік сессиясы: АҚШ долларының құны 339,28 теңге

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан қор биржасында (KASE) есептесуі Т+0 теңгемен (USDKZT_TOD) АҚШ доллары бойынша, есептесуі T+0 теңгемен (EURKZT_TOD) еуро бойынша және есептесуі T+0 АҚШ долларымен (EURUSD_TOD) еуро бойынша, есептесуі Т+0 теңгемен (CNYKZT_TOD) қытай юані бойынша таңғы сауда-саттық сессиясы аяқталды. Аталған қаржы құралдары үшін осы сессия негізгі болып табылады. Сауда-саттыққа KASE валюта нарығының 25 мүшесі қатысты.

Есептесуі T 0 теңгемен АҚШ долларының орташа сараланған бағамы бір долларға 339,28 ( 0,42 теңге) теңгені, ал сауда-саттық көлемі - 33 900 мың USD (-2 900 мың USD) АҚШ долларын құрады.

Есептесуі Т 1 теңгемен АҚШ доллары бойынша мәмілелер жасалған жоқ. Сессия жабылар сәтте баға белгілеулер тіркелген жоқ.

Есептесуі T 0 теңгемен және АҚШ долларымен еуро бойынша мәмілелер жасалған жоқ. Сессия жабылар сәтте баға белгілеулер тіркелген жоқ;

Есептесуі T 0 теңгемен қытай юанінің орташа сараланған бағамы бір юаньға 50,5467теңгені ( 0,0867 теңге) құрады, сауда-саттық көлемі - 600 мың юаньді ( 300 мың юаньді) құрады.

Осы хабарламада аталмыш трендтердің барлығы алдыңғы таңертеңгілік сессиямен салыстырмалы түрде берілген. Егер алдыңғы таңертеңгілік сессияда тиісті қаржы құралы бойынша мәмілелер жасалмаса немесе олардың сауда-саттығы өткізілмесе, тренд көрсетілмейді.