KASE таңертеңгілік сессиясы: доллар - 145,29 теңгені құрады

None
АЛМАТЫ. 22 сәуір. ҚазАқпарат - Қазақстан қор биржасында Т+ 0 (USDKZT_TOD) теңге есебімен АҚШ доллары бойынша, таңертеңгілік сауда сессиясы аяқталды.

T+0 теңге есебімен (EURKZT_TOD) және (EURUSD_TOD) АҚШ доллары есебімен еуро бойынша бүгін сауда жасалған жоқ, өйткені ГФР мен Ұлыбританияда 22 сәуір демалыс күні (Ынтық күні). Аталған санат үшін бүгінгі сессия негізгі болды. Саудаға қор биржасының «валюталық нарық мүшесі» санатындағы 21 мүшесі қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат биржаға сілтеме жасап.

АҚШ долларының бүгінгі орташа бағамы T+0 есебімен 145,29 теңгені, ал сауда көлемі - 225 550 мың долларды құрады.

Осы хабарламадағы барлық трендтер өткен таңертеңгі сессияға қатысты көрсетілген. Егер өткен таңертеңгі сессияда тиісті инструмент бойынша мәміле жасалмаса немесе сауда жүргізілмесе, тренд көрсетілмейді.