Аталған санаттар үшін бүгінгі сессия негізгі болды. Саудаға қор биржасының «валюталық нарық мүшесі» санатындағы 21 мүшесі қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат биржаға сілтеме жасап.
АҚШ долларының бүгінгі орташа бағамы T 0 есебімен 145,48 теңгені (0,12 теңге), ал сауда көлемі - 80 050 мың долларды (163 000 мың теңге) құрады.
Т 0 есептерімен еуроның теңгеге шаққандағы орташа бағамы 208,35 теңгені (0 теңге) құрап, сауда көлемі -300 мың еуро ( 100 мың еуро) болды.
- Т 0 есептерімен еуро бойынша АҚШ долларымен мәмілелер жасалған жоқ, сессия жабылар кезде KASE сауда жүйесінде баға белгіленімі болған жоқ.
Осы хабарламадағы барлық трендтер өткен таңертеңгі сессияға қатысты көрсетілген. Егер өткен таңертеңгі сессияда тиісті тетік бойынша мәміле жасалмаса немесе сауда жүргізілмесе, тренд көрсетілмейді.