KASE таңертеңгілік сессиясы: доллар - 145,57, еуро 206,00 теңгені құрады

АЛМАТЫ. 28 наурыз. ҚазАқпарат - Қазақстан қор биржасында Т+ 0 (USDKZT_TOD) теңге есебімен АҚШ доллары бойынша, T+0 (EURKZT_TOD) теңге есебімен және (EURUSD_TOD) АҚШ доллары есебімен еуро бойынша таңертеңгілік сауда сессиясы аяқталды.

Аталған санаттар үшін бүгінгі сессия негізгі болды. Саудаға қор биржасының «валюталық нарық мүшесі» санатындағы 20 мүшесі қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат биржаға сілтеме жасап.

АҚШ долларының бүгінгі орташа бағамы T 0 есебімен 145,57 теңгені, ал сауда көлемі - 170 300 мың долларды құрады.

Т 0 теңге есебімен еурон бойынша мәміле жасалған жоқ. Сессия жабылар кезде сұраныстың жоқтығынан, ұсыныс еуро үшін 206,00 теңгені құрады.

Т 0 АҚШ доллары есебімен еуро бойынша мәміле жасалған жоқ. Сессия жабылар кезде баға белгіленімі болған жоқ.

Осы хабарламадағы барлық трендтер өткен таңертеңгі сессияға қатысты көрсетілген. Егер өткен таңертеңгі сессияда тиісті инструмент бойынша мәміле жасалмаса немесе сауда жүргізілмесе, тренд көрсетілмейді.