30 тамыз күнгі Қазақстандағы мерекелік күнге (Конституция күні) байланысты және демалыс күнінің сенбі, 27 тамыздан дүйсенбі, 29 тамызға ауыстырылуына байланысты бүгін KASE-де Т 0 (USDKZT_TOD) теңге есебімен АҚШ доллары бойынша, T 0 теңге есебімен (EURKZT_TOD) және (EURUSD_TOD) АҚШ доллары есебімен еуро бойынша таңертеңгілік сауда жасалған жоқ. USDKZT_TOM, EURKZT_TOM және EURUSD_TOM үшін бүгінгі сессия негізгі болды.
Сенбі күнгі саудағы қор биржасының «валюталық нарық мүшесі» санатындағы 16 мүшесі қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат биржаға сілтеме жасап.
АҚШ долларының бүгінгі орташа бағамы T 1 есебімен 146,41 теңгені (-0,02 теңге), ал сауда көлемі - 78 500 мың долларды ( 12 350 мың доллар) құрады.
Т 1 есептерімен еуро бойынша теңгемен мәмілелер жасалған жоқ, сессия жабылар кезде KASE сауда жүйесінде баға белгіленімі болған жоқ.
Т 1 есептерімен еуро бойынша АҚШ долларымен мәмілелер жасалған жоқ, сессия жабылар кезде KASE сауда жүйесінде баға белгіленімі болған жоқ.