KASE таңертеңгілік сессиясы: доллар - 147,97 теңгені, еуро - 204,20 теңгені құрады

АЛМАТЫ. 7 қараша. ҚазАқпарат - Қазақстан қор биржасында Т+ 0 (USDKZT_TOD) теңге есебімен АҚШ доллары бойынша, T+0 теңге есебімен (EURKZT_TOD) және (EURUSD_TOD) АҚШ доллары есебімен еуро бойынша таңертеңгілік сауда сессиясы аяқталды.

Аталған санаттар үшін бүгінгі сессия негізгі болды. Саудаға қор биржасының «валюталық нарық мүшесі» санатындағы 21 мүшесі қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат биржаға сілтеме жасап.

АҚШ долларының бүгінгі орташа бағамы T 0 есебімен 147,97 теңгені ( 0,03 теңге), ал сауда көлемі - 65 600 мың долларды (-46 400 мың доллар) құрады.

Т 0 есептерімен еуроның орташа бағасы бір еуро үшін 204,20 теңгені, сауда көлемі - 100 мың еуроны құрады.

- Т 0 есептерімен еуро бойынша АҚШ долларымен мәмілелер жасалған жоқ, сессия жабылар кезде KASE сауда жүйесінде баға белгіленімі болған жоқ.

Осы хабарламадағы барлық трендтер өткен таңертеңгі сессияға қатысты көрсетілген. Егер өткен таңертеңгі сессияда тиісті инструмент бойынша мәміле жасалмаса немесе сауда жүргізілмесе, тренд көрсетілмейді.