KASE таңертеңгілік сессиясы: доллар 3,91 теңгеге әлсіреді

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан қор биржасында (KASE) қытай юані бойынша таңертеңгілік сауда-саттық сессиясы аяқталды.

Сауда-саттыққа KASE валюта нарығының 27 мүшесі қатысты.

Есептесуі T+0 теңгемен АҚШ долларының орташа сараланған бағамы  бір долларға 328,18 (-3,91 теңге) теңгені, ал сауда-саттық көлемі - 190 600 мың АҚШ долларын (+119 150 мың USD) құрады.

Есептесуі T+0 теңгемен еуро бойынша орташа сараланған бағамы бір еуроға 342,70 теңгені, сауда-саттық көлемі -100 мың еуроны құрады.

Есептесуі T+0 теңгемен қытай юанінің орташа сараланған бағамы бір юаньға 47,1561 теңгені (-0,7264 теңге) құрады, сауда-саттық көлемі - 2 450 мың юань (+1 350 мың юань) болды.