KASE таңертеңгілік сессиясы: доллар 352,01 теңгеге өсті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан қор биржасында (KASE) таңғы сауда-саттық сессиясы аяқталды.

Аталған қаржы құралдары үшін осы сессия негізгі болып табылады. Сауда-саттыққа KASE валюта нарығының 27 мүшесі қатысты.

Есептесуі T 0 теңгемен АҚШ долларының орташа сараланған бағамы бір долларға 352,01 теңгені ( 1,81 теңге), ал сауда-саттық көлемі - 189 650 мың АҚШ долларын ( 68 600 мың USD) құрады.

Есептесуі Т 1 теңгемен АҚШ доллары бойынша мәмілелер жасалған жоқ. Сессия жабылар сәтте баға белгілеулер тіркелген жоқ.

Есептесуі T 0 теңгемен еуроның орташа сараланған бағамы бір еуроға 387,85 теңгені құрады, ал сауда-саттық көлемі - 300 мың еуроболды;

Есептесуі Т 0 АҚШ долларымен еуро бойынша мәмілелер жасалған жоқ.
Сессия жабылар сәтте баға белгілеулер тіркелген жоқ.

Есептесуі T 0 теңгемен қытай юані бойынша мәмілелер жасалған жоқ. Сессия жабылар сәтте баға белгілеулер тіркелген жоқ. Сауда-саттық жабылар сәтте сұраным бір юаньға 52,7200 теңгені құрады, ұсыным - бір юаньға 52,7300 теңге болды.

Осы хабарламада аталмыш трендтердің барлығы алдыңғы таңертеңгілік  сессиямен салыстырмалы түрде берілген. Егер алдыңғы таңертеңгілік сессияда тиісті қаржы құралы бойынша мәмілелер жасалмаса немесе олардың сауда-саттығы өткізілмесе, тренд көрсетілмейді.