KASE таңертеңгілік сессиясының қорытындысы: АҚШ доллары - 148,02, теңгені құрады

АЛМАТЫ. 28 мамыр. ҚазАқпарат - Қазақстан қор биржасында (KASE) АҚШ доллары бойынша Т+1 есебімен теңгемен (USDKZT_ TOМ),

еуро бойынша Т 0 есебімен теңгемен  (EURKZT_ TOD), еуро бойынша Т 1 есебімен АҚШ долларымен (EURUSD_ TOМ) таңертеңгілік сауда сессиясы өтті.

Бүгін KASE-де АҚШ доллары бойынша Т 0 есебімен теңгемен  (USDKZT_TOD) және еуро бойынша Т 0 есебімен АҚШ долларымен (EURUSD_TOD)  АҚШ-тағы мереке - Еске алу күніне байланысты сауда өткізілмейді.

USDKZT_TOM және EURUSD_TOM үшін бұл сессия негізгі болып табылады. Бүгін саудаға спот-нарықта KASE-нің «Валюталық нарық мүшесі» санатындағы 18 мүшесі қатысты, деп хабарлайды биржаның баспасөз қызметінен.

АҚШ долларының спот-нарығында соңғы мәміле 1 доллар үшін 148,02 теңге ( 0,40 теңге), сауда көлемі - 44 200 мың АҚШ доллары (-266 400 мың АҚШ доллары) болды.

Еуро бойынша Т 0 есебімен теңгемен мәмілелер жасалған жоқ, сессияның жабылуында KASE сауда жүйесінде баға белгіленімі болған жоқ.

Еуро бойынша Т 1 есебімен АҚШ долларымен мәмілелер жасалған жоқ, сессияның жабылуында KASE сауда жүйесінде баға белгіленімі болған жоқ.