KASE таңертеңгілік сессиясының қорытындысы: АҚШ доллары 148, 26 теңгені құрады

АЛМАТЫ. 27 желтоқсан. ҚазАқпарат - Қазақстан қор биржасында (KASE) АҚШ доллары бойынша Т+0 есебімен теңгемен (USDKZT_ TOD), еуро бойынша Т+0 есебімен теңгемен,

(EURKZT_ TOD), еуро бойынша Т 0 есебімен АҚШ долларымен (EURUSD_ TOD) таңертеңгілік сауда сессиясы өтті.

Аталған құралдар үшін бұл сессия негізгі болып табылады. Сейсенбі күні саудаға спот-нарықта KASE-нің «Валюталық нарық мүшесі» санатындағы 21 мүшесі қатысты, деп хабарлайды биржаның баспасөз қызметі.

АҚШ долларының спот-нарығында соңғы мәміле 1 доллар үшін 148,26 теңге (( 0,18 теңге), сауда көлемі - 255 500 мың АҚШ доллары ( 123 500 мың USD) болды.

Еуро бойынша Т 0 есебімен теңгемен және АҚШ долларымен мәмілелер жасалған жоқ, сессияның жабылуында KASE сауда жүйесінде баға белгіленімі болған жоқ.

Осы хабарламадағы барлық трендтер өткен таңертеңгі сессияға қатысты көрсетілген. Егер өткен таңертеңгі сессияда тиісті құралдар бойынша мәміле жасалмаса немесе сауда жүргізілмесе, тренд көрсетілмейді.