KASE таңертеңгілік сессиясының қорытындысы: АҚШ доллары 148, 44 теңгені құрады

АЛМАТЫ. 23 қаңтар. ҚазАқпарат -Қазақстан қор биржасында (KASE) АҚШ доллары бойынша Т+0 есебімен теңгемен (USDKZT_ TOD), еуро бойынша Т+0 есебімен теңгемен (EURKZT_TOD) және АҚШ долларымен (EURUSD_ TOD) таңертеңгілік сауда сессиясы өтті.

Аталған инструменттер үшін бұл сессия негізгі болып табылады. Дүйсенбі күні саудаға спот-нарықта KASE-нің «Валюталық нарық мүшесі» санатындағы 20 мүшесі қатысты, деп хабарлайды биржаның баспасөз қызметі.

АҚШ долларының спот-нарығында соңғы мәміле 1 доллар үшін 148,44 теңге ( 0,12 теңге), сауда көлемі - 75 500 мың АҚШ доллары (-44 800 мың USD) болды.

Еуро бойынша Т 0 есебімен теңгемен және АҚШ долларымен мәмілелер жасалған жоқ, сессияның жабылуында KASE сауда жүйесінде баға белгіленімі болған жоқ.

Осы хабарламадағы барлық трендтер өткен таңертеңгі сессияға қатысты көрсетілген. Егер өткен таңертеңгі сессияда тиісті инструмент бойынша мәміле жасалмаса немесе сауда жүргізілмесе, тренд көрсетілмейді.