Аталған инструменттер үшін бұл сессия негізгі болып табылады. Бүгін саудаға спот-нарықта KASE-нің «Валюталық нарық мүшесі» санатындағы 20 мүшесі қатысты, деп хабарлайды биржаның баспасөз қызметі.
АҚШ долларының спот-нарығында соңғы мәміле 1 доллар үшін 150,03 теңге ( 0,11 теңге), сауда көлемі 110 800 мың АҚШ доллар ( 58 050 мың АҚШ доллар) болды.
Еуро бойынша Т 0 есебімен теңгемен мәмілелер жасалған жоқ, сессияның жабылуында 1 еуро 181,50 теңгені, сауда көлемі 200 мың еуроны құрады.
Осы хабарламадағы барлық трендтер өткен таңертеңгі сессияға қатысты көрсетілген. Егер өткен таңертеңгі сессияда тиісті инструмент бойынша мәміле жасалмаса немесе сауда жүргізілмесе, тренд көрсетілмейді.