Бүгін KASE-де АҚШ доллары бойынша Т 0 есебімен теңгемен (USDKZT_TOD) және еуро бойынша Т 0 есебімен АҚШ долларымен (EURUSD_TOD) сауда АҚШ-ғы мерекеге (Колумб күні) байланысты өткізілмеді. USDKZT_TOM және EURUSD_TOM үшін 2012 жылғы 8 қазандағы аталған сессия негізгі болып табылады, деп хабарлайды биржаның баспасөз қызметінен.
АҚШ долларының спот-нарығында соңғы мәміле 1 доллар үшін 150,33 теңге ( 0,03 теңге) болды.
Еуро бойынша Т 0 есебімен АҚШ долларымен мәмілелер жасалған жоқ, сессияның жабылуында KASE сауда жүйесінде баға белгіленімі болған жоқ.