Аталған қаржы құралдары үшін осы сессия негізгі болып табылады. Сауда-саттыққа KASE валюта нарығының 19 мүшесі қатысты, деп хабарлайды Қазақстан қор биржасынан.
Орташа сараланған АҚШ доллары бойынша T 0 теңгемен бағамы бір долларға 243,99 теңгені ( 13,88 теңге), ал сауда-саттық көлемі - 57 100 (-87 700 мың USD) мың АҚШ долларын құрады. АҚШ долларымен еуро бойынша Т 0 теңгемен мәмілелер жасалған жоқ. Сессия жабылу сәтінде баға белгілеулер болған жоқ. Қытай юані бойынша T 0 теңгемен орташа сараланған бағамы бір юаньға 37,7900 теңгені құрады, сауда-саттық көлемі - 200 мың юаньді құрады. Осы хабарламада аталмыш трендтердің барлығы алдыңғы таңертеңгілік сессиямен салыстырмалы түрде берілген. Егер алдыңғы таңертеңгілік сессияда тиісті қаржы құралы бойынша мәмілелер жасалмаса немесе олардың сауда-саттығы өткізілмесе, тренд көрсетілмейді.