Аталған санаттар үшін бүгінгі сессия негізгі болды. Саудаға қор биржасының «валюталық нарық мүшесі» санатындағы 20 мүшесі қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат биржаға сілтеме жасап.
АҚШ долларының бүгінгі орташа бағамы T 0 есебімен 145,28 теңгені, ал сауда көлемі 371 800 мың долларды құрады. Бұған дейінгі таңертеңгілік сауданың қорытындысымен салыстырғанда доллар бағамы 0,03 теңгеге арзандап, сессия көлемі 268 700 мың долларға өсті.
Ал Т 0 теңге есебімен еуроның орташа бағамы 210,70 теңгені құраса, сауда көлемі 300 мың еуроны шамалады.
Т 0 доллар есебімен еуро бойынша мәміле жасалған жоқ. Сессия жабылар кезде баға белгіленімі болған жоқ.