Аталған санаттар үшін бүгінгі сессия негізгі болды. Саудаға қор биржасының «валюталық нарық мүшесі» санатындағы 21 мүшесі қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат биржаға сілтеме жасап.
АҚШ долларының бүгінгі орташа бағамы T 0 есебімен 145,33 теңгені, ал сауда көлемі 109 200 мың долларды құрады. Бұған дейінгі таңертеңгілік сауданың қорытындысымен салыстырғанда доллар бағамы 0,10 теңгеге арзандап, сессия көлемі 59 900 мың долларға өсті.
Т 0 теңге есебімен және Т 0 доллар есебімен еуро бойынша мәмілелер жасалған жоқ. Сессия жабылар кезде баға белгіленімі болған жоқ.