8 наурыз - Халықаралық әйелдер күніне байланысты және демалыс күнінің сенбі, 5 наурыздан дүйсенбі 7 наурызға ауыстырылуға орай, Т 0 (USDKZT_TOD) теңге есебімен АҚШ доллары бойынша, T 0 (EURKZT_TOD) теңге есебімен еуро бойынша және Т 0 доллар есебімен (EURUSD_TOD) еуро бойынша сауда өткізілген жоқ. Сенбі күні саудаға қор биржасының «валюталық нарық мүшесі» санатындағы 13 мүшесі қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат биржаға сілтеме жасап.
АҚШ долларының бүгінгі орташа бағамы T 1 есебімен 146,145, 58 теңгені, ал сауда көлемі 101 500 мың долларды құрады. Бұған дейінгі таңертеңгілік сауданың қорытындысымен салыстырғанда доллар бағамы 0,10 теңгеге арзандап, сессия көлемі 318 650 мың долларға кеміді.
Т 1 теңге есебімен және Т 1 доллар есебімен еуро бойынша мәмілелер жасалған жоқ. Сессия жабылар кезде баға белгіленімі болған жоқ.