Аталған санаттар үшін бүгінгі сессия негізгі болды. Саудаға қор биржасының «валюталық нарық мүшесі» санатындағы 23 мүшесі қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат биржаға сілтеме жасап.
АҚШ долларының бүгінгі орташа бағамы T 0 есебімен 146,00 теңгені, ал сауда көлемі 160 700 мың долларды құрады. Бұған дейінгі таңертеңгілік сауданың қорытындысымен салыстырғанда доллар бағамы 0,15 теңгеге қымбаттап, сессия көлемі 127 900 мың долларға өсті.
Т 0 теңге есебімен еуроның орташа бағамы 20,370 теңгені, ал сауда көлемі 200 мың еуроны құрады.
Ал Т 0 доллар есебімен еуро бойынша мәмілелер жасалған жоқ. Сессия жабылар кезде баға белгіленімі болған жоқ.