Аталған санаттар үшін бүгінгі сессия негізгі болды. Саудаға қор биржасының «валюталық нарық мүшесі» санатындағы 17 мүшесі қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат биржаға сілтеме жасап.
АҚШ долларының бүгінгі орташа бағамы T 0 есебімен 146,19 теңгені (- 0,11 теңге), ал сауда көлемі - 218 250 мың долларды ( 98 400 мың АҚШ доллары) құрады.
Т 0 теңге есебімен еуро бойынша баға белгіленімі болған жоқ. Сессия жабылар кездегі сұраныс бір еуро үшін 199,50 теңгені құрады, ұсыныс айтылған жоқ.
Т 0 доллар есебімен еуро бойынша мәміле жасалған жоқ. Сессия жабылар кезде баға белгіленімі болған жоқ.