Аталған санаттар үшін бүгінгі сессия негізгі болды. Саудаға қор биржасының «валюталық нарық мүшесі» санатындағы 17 мүшесі қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат биржаға сілтеме жасап.
АҚШ долларының бүгінгі орташа бағамы T 0 есебімен 146,41 теңгені, ал сауда көлемі - 125 800 мың долларды құрады. Бұған дейінгі таңертеңгілік сауданың қорытындысымен салыстырғанда доллар бағамы 0,06 теңгеге , сессия көлемі 125 800 мың долларға арзандады.
Т 0 теңге есебімен еуро бойынша мәміле жасалған жоқ. Сассия жабылар кезде баға белгіленімі болған жоқ.
Т 0 доллар есебімен еуроның орташа бағасы бір еуро үшін 1,3712 АҚШ долларын, сауда көлемі 6 800 мың еуроны құрады.