Аталған санаттар үшін бүгінгі сессия негізгі болды. Саудаға қор биржасының «валюталық нарық мүшесі» санатындағы 21 мүшесі қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат биржаға сілтеме жасап.
АҚШ долларының бүгінгі орташа бағамы T 0 есебімен - 146,43 теңгені, ал сауда көлемі 136 380 мың долларды құрады. Бұған дейінгі таңертеңгілік сауданың қорытындысымен салыстырғанда доллар бағамы 0,35 теңгеге арзандап, сессия көлемі 7 050 мың долларға кеміді.
Т 0 теңге есебімен еуро бойынша мәміле жасалған жоқ. Сессия жабылар кездегі баға белгіленімі болған жоқ.
Т 0 доллар есебімен еуро бойынша да мәміле жасалған жоқ.