Аталған санаттар үшін бүгінгі сессия негізгі болды. Саудаға қор биржасының «валюталық нарық мүшесі» санатындағы 19 мүшесі қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат биржаға сілтеме жасап.
АҚШ долларының бүгінгі орташа бағамы T 0 есебімен 146,608 теңгені, ал сауда көлемі 134 700 мың долларды құрады. Бұған дейінгі таңертеңгілік сауданың қорытындысымен салыстырғанда доллар бағамы 0,18 теңгеге арзандап, сессия көлемі 61 100 мың долларға кеміді.
Т 0 теңге және доллар есебімен еуро бойынша мәмілелер жасалған жоқ. Сессия жабылар кездегі баға белгіленімі болған жоқ.