Аталған санаттар үшін бүгінгі сессия негізгі болды. Саудаға қор биржасының «валюталық нарық мүшесі» санатындағы 17 мүшесі қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат биржаға сілтеме жасап.
АҚШ долларының бүгінгі орташа бағамы T 0 есебімен 146,65 теңгені, ал сауда көлемі 173 350 мың долларды құрады. Бұған дейінгі таңертеңгілік сауданың қорытындысымен салыстырғанда доллар бағамы 0,08 теңгеге арзандап, сессия көлемі 86 900 мың долларға өсті.
Т 0 теңге есебімен еуро бойынша мәміле жасалған жоқ. Сессия жабылар кезде баға белгіленімі 199,90 теңге/еуроны құрады, бірақ ұсыныс болған жоқ.
Ал Т 0 доллар есебімен еуро бойынша мәміле жасалған жоқ, баға белгіленімі болған жоқ.